Иранның рухани көсемі Аятолла Али Хаменеи Израильдің шабуылы басталғалы алғаш рет телеарнаға шығып, мәлімдеме жасады. Ал Иран жұрты ракета шабуылынан қорқып, қауіпсіз жер іздеп бас сауғалап жатыр.
Израиль мен Иран бір-бірінің аумағын жаппай зымыранмен атқылап жатқанына төрт күннен асты. 13-15 маусым аралығында екі тарап қандай шығынға ұшырады? Қандай нысандар қирады? Қанша бейбіт тұрғын опат болды? Иранның қанша шенеунігі қаза тапты? Таяу Шығыстағы қақтығыстың негізгі ақпараттарын ұсынамыз.
Израиль Иранның мемлекеттік телерадиокорпорациясының (IRIB) Тегерандағы штаб-пәтеріне әуеден шабуыл жасағаннан кейін телеарна хабар таратуын тоқтатты.
Израильдің әуе шабуылы Иранның әскери басшылығын қапыда қалдырғандай болды. Алайда шабуылдың басты мақсаты – Тегеранның ядролық бағдарламасын жою – орындалды ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз. Израиль Тегеран жойқын қаруға ие болуға шақ тұр дейді. Ал Иран тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтады.
13 маусымға қараған түні Израиль Иранға әуеден шабуыл жасады. Израиль үкіметі Иранның ядролық бағдарламасы, оған қоса жоғары шенді әскери басшылары мен физик ғалымдары да нысанаға алынғанын мәлімдеді. Тегеран Израильден қарымта қайтаратынын айтты.
Ресей алыс қашықтықта бомбалаушы ұшақтарын Балтық теңізі үстінен ұшырып, Владимир Путин "ядролық триада ғана Ресей егемендігін сақтай алады деп мәлімдеді. Ол Украинаның «Өрмек» операциясынан соң алыс қашықтықта бомбалаушы ұшақтарын Қиыр Шығысқа көшірді.
Қырымның ресейшіл билігі орысша сөйлейтін тұрғындар күнделікті қолданатын, шет тілдерден енген сөздермен күресіп жатыр. Жергілікті кәсіпкерлерді кафе мен дүкен атауын шетел тілінде жазбауға мәжбүрлеп көндіргісі келеді. Шенеуніктер "рухы орыс" адам қалай сөйлеу керектігі туралы нұсқаулық шығарды.
Тағы